Петропавлда 360 абонент әлі де сусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда 360 абонент әлі де сусыз отыр

07.11.2022

Петропавлда 360 абонент әлі де сусыз отыр. Құбырдағы апаттың салдарын жою жұмысы жалғасып жатыр. Шаһардағы Жұмабаев пен Абай көшелерінің қиылысында диаметрі 800 миллиметрлік құбыр жарылып, бірнеше шағын аудан тұрғындары сусыз қалғаны жайлы бұдан бұрын хабарлаған едік.

Қазір апат орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, Петропавлда 350 шақырымнан аса су құбыры бар. Оның 60 пайызға жуығының әбден тозығы жеткен.

Арман Сауытов, «Қызылжар су» ЖШС атқарушы директоры:

Бұл желі 2009 жылы ауыстырылған болатын. Екі құбырды қосқан жер сөгіліп кеткен. Тұтынушыларға су беру үшін түні бойы жұмыс істедік. Ақауды анықтау оңай болған жоқ. Жұмабаев көшесіндегі 116-шы үйде әлі де су жоқ. Арнайы көлікпен тұрғындарға тіршілік нәрін жеткіздік.
Эльмира Каленова

Хабарламаларға жазылу