Италия үкіметі ел жағалауына кемемен жеткен мигранттарды қабылдамағаны үшін үлкен сынға ұшырап отыр. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, мыңға жуық босқын мінген қайықтар осы елдің порттарына тоқтауға рұқсат алу үшін апта бойы теңізде жүрген.
Дегенмен соңғы мәліметке қарағанда, жергілікті билік 144 адамды қабылдуаға келісті. Олар – балалар мен шұғыл медициналық көмекке зәру мигранттар. Бұл шетелдіктерді қайырымдылық ұйымдары қауіпке душар болған қайықтардан құтқарып, өз кемелеріне мінгізген.
Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, жыл басынан бері Италияға теңізбен 85 мыңдай мигрант жетіпті.
Арыстан Рысбек