Шымкентте шуға қалған дүкен иесі кешірім сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте шуға қалған дүкен иесі кешірім сұрады

07.11.2022

Әлеуметтік желіде тараған видеодан көпшіліктің бір-бірін қысып, есіктен кіре алмай жатқанын көруге болады. Тіпті арасында балалар да бар. Сөйтсе дүкен иесі тиімді ақция ұйымдастырған. Ал жарнаманы естіген жұрт бірден киім сатып алуға лап берген.

Бірақ қысылып, бір-бірінің өмірлеріне қауіп төндірген. Сондықтан тиісті талаптарды сақтамаған дүкен қожайыны әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды. Әрі өзі жұрттан кешірім сұрады.

Серікбай Баукен, дүкен иесі:

Құзырлы органдарға хабар бермегендіктен осындай жағдай болды. Сол үшін сіздерден кешірім сұраймын. Енді осындай акция ұйымдастыратын болсам міндетті түрде құзырлы органдарға хабар беремін.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу