Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экономиканы де-монополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Үкімет үйіндегі жиында пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензия берудің заңдылығы мәселесі қаралды. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылады. Талқылауға мемлекеттік орталық органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржы мониторингі агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының басшылары қатысты.
Серік Селеубай