Қазақстанда жыл басынан бері 700-ден астам азамат алданған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жыл басынан бері 700-ден астам азамат алданған

04.11.2022

Ел азаматтарын алыста отырып алдайтын алаяқтардың орналасқан жері белгілі болды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз», «KazMinerals» секілді компаниялар мен түрлі банктердің атын жамылып, инвестициядан табыс табуға шақырғандар АҚШ-тың Сан-Франциско штатында жүр. Бұл жалған сайттарының доменін анықтау кезінде белгілі болған. Мәліметтерге қарағанда, олар жыл басынан бері 700-ден астам жерлесімізді, түрлі компаниялардың акциясын сатып алуға шақырып, жоғары табыс уәде еткен. Бірақ акция да, ақша да жоқ. Қазір полицейлер АҚШ-тың әділет министрлігіне сұрау салып, алаяқтардың ізіне түскен.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу