Батыс Қазақстан облысында 120 үй әлі жарықсыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында 120 үй әлі жарықсыз отыр

04.11.2022

Батыс Қазақстан облысында бүгін төртінші күн қарлы боран салдарынан үзілген электр сымдары қалпына келтіріліп жатыр. Теректі ауданында 120 отбасы жарықсыз отыр.

Екі бригада кернеуі 10 килоВатт ауыларалық электр желісін әлі жөндеуде. Қала бойынша барлық шағын ауданға жарық берілді. Тағы бес ауданда жағдай тұрақталды.

Айта кетейік, өңірде қарашаның алғашқы күнінде қар жауып, соңы боранға ұласып, 7 мыңнан аса абонент жарықсыз қалған еді. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу