Қазан айының басынан бері 764 мың тұрғынға тұмау тиген. Жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандардың көбі Қызылорда облысында тіркеліп отыр. Сондай-ақ елімізде тұмау вирусының екі штаммы қазір кең тарап жатыр. Әсіресе жұқпалы ауру балалар арасында да өршіп тұр. Жыл сайын тұмау маусымы қазан-сәуір айында өтеді.
Роза Қожапова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы:
Аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі - вакцинация. Биыл бюджет қаражатына Ресейде өндірген "ГРИППОЛ" вакцинасының 2,3 млн дозасы сатып алынды. Қазақстанда халықты тұмауға қарсы вакцинациялау қазан айының басынан бастап жүргізіліп жатыр. Бүгінде республика бойынша тұмауға қарсы 1 806 710 адам немесе республиканың жалпы халқының 9,5% егілді.
Дархан Рахымжан