Мәулен Әшімбаев: Шахтадағы еңбек қауіпсіздігі талаптары күшейтілуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: Шахтадағы еңбек қауіпсіздігі талаптары күшейтілуі керек

03.11.2022

Шахтадағы еңбек қауіпсіздігі талаптары күшейтілуі керек. Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтқан Сенат төрағасы бүгін осылай деді. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, оқыс жағдайға байланысты қазір арнайы комиссия құрылған. Тергеу аяқталған соң, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жауапкершілікті күшейту мәселесі қаралады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Біз өз тарапымыздан осы комиссия жұмысының нәтижелерін тосамыз. Ол ұзаққа бармайды деп ойлаймын. Тез арада жасалуы керек ол. Өйткені бұл созатын жағдай емес. Сондықтан комиссия қорытындысын көрейік. Егер қажет болса, тиісті заңдарға біз өзгеріс енгізуге дайынбыз.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу