Мәскеуде елімізді жаңа қырынан танытатын фотокөрме ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде елімізді жаңа қырынан танытатын фотокөрме ұйымдастырылды

10.01.2015
Мәскеуде елімізді жаңа қырынан танытатын фотокөрме ұйымдастырылды

«Белгісіз Қазақстан». Осындай атпен Мәскеу қаласында Қазақ елі туралы фотокөрме ұйымдастырылды. Ол Мәскеу метросының «Выставочная» станциясында өтуде.

Көрмеге Қазақстанның алуан түрлі табиғаты мен көрікті жерлері туралы көптеген сурет қойылған. Яғни, бұл жерден еліміздің таулары мен бауларын, көлдері мен шөлдерін көруге болады.

«Белгісіз Қазақстан» - 2012 жылы қолға алынған жоба. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорынынан арнайы грант алған отандық фотографтар 30 мың шақырымнан аса жерді жүріп өтіп, Қазақстан туралы материалдар жинаған.

Осының арқасында, енді шетелдіктер ЕХРО-2017 көрмесін өткізетін елімізді жаңа қырынан танитын болды.

Мәскеудегі көрмені ұйымдастыруға Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент қоры және Мәскеу метрополитені мұрындық болды.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу