Әлеуметтік қызметшілердің мәртебесі туралы заң дайындалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік қызметшілердің мәртебесі туралы заң дайындалуда

02.11.2022

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды күтетін әлеуметтік жұмысшылардың жалақысы аз. Олардың табысы мардымсыз болғандықтан, ипотекалық бағдарламаға да қатыса алмайды. Ал, қосымша жұмысқа тұруға мүмкіндік жоқ. Өйткені күтушілер күндіз-түні көмекке мұқтаж жандардың жанында болуы тиіс. Енді әлеуметтік қызметшілердің мәртебесін көтеруге қатысты заң жобасы дайындалмақ.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды күтуге жауапты орталықта ерекше күтімді қажет ететін балаларға білім беруден бастап, күні бойы алып жүруге қатысты 8 түрлі қызмет түрі көрсетіледі. Орталық қызметкері Меруерт Мұстафаның айлық жалақысы 140 мың теңге. Ол бар тапқаным пәтерақыға кетеді, дейді.

Меруерт Мұстафа, әлеуметтік жұмыс маманы:

Мен осы салаға келген күні өте қорқыныш пайда болды. Осындай жандармен жұмыс жасай аламын ба деген жоқ негізі көз қорқақ қол батыр дейді ғой, өзімді осы салаға бейімдеп, өз жұмысымды сүйіп, мен жан тәніммен кірістім деп айта аламын. Соған сай жалақы төлеп, марапат көрсетсе деп ойлаймын.

Мұндай қызметкерлердің басым бөлігінің ипотека алуға табысы жетпейді. Ерекше жандардың күтімін жауапкершілігіне алған жандар қосымша жұмыс та істей алмайды. Әрі бұл салаға жұмысқа келуге жастар жағы мүлдем құлықсыз.

Нұрбол Төлебаев, әлеуметтанушы:

Демек ақпараттың аздығынан балалар білмейтін мамандақтарға тек қана грант үшін барады да көбісі бірінші, екінші крустан кейін мына мамандықтың қиындықтарын көргеннен кейін кетіп қалып жатыр. Біз келешекте әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік қызметтердің сапасын арттырмасақ, сапалы әлеуметтік қызмет ала алмай қаламыз.

Ал, жауапты министрлік «Әлеуметтік кодекстің» аясында мұндай қызметкерлердің статусын өзгертуге күш салғалы отыр. Жаңа заң арқылы алодымен әлеуметтік жұмыс мамандарының мәртебесі мен жалақысы көтеріледі. Осы арқылы оларға қойылатын талаптар өзгереді.

Ербол Оспанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

Ол үшін арнайы минстрлікте жұмыс тобы құрылған. Оған әлеуметік қызметкерлер мемлекеттік қызметкер кіреді. Олар осы жылдың соңына дейін өздерінің ұсыныстарын беріп, жалақысы жайында мәртебесі жайында ұсыныстар айқындалып, заңға енгізілетін болады.

Елімізде әлеуметтік жұмыс мамандары мемлекеттік грант негізінде көп дайындалады. Қазір, 12 мыңнан астам әлеуметтік жұмыс маманы қызмет етеді. Олардың басым бөлігі, нақтырақ айтсақ 11 мыңнан астамы ерекше жандардың күтіміне жауапты. Қоғамдық жұмысқа белсене кірісетін мамандардың тапшылығы бейімдеу орталықтарына жетіспей жатыр. Әлеуметтанушылар бұл мамандықтың мәртебесі көтерілмей саладағы кадр тапшылығы күнтәртібінен түспейді»,-дейді.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу