Украина астанасы Киевте су мен энергия жүйесі қайта қалпына келтірілді. Мұны қала мэрі Виталий Кличко мәлімдеді. Оның ескертуінше, жарық әлі де ішінара өшіріліп тұрады.
Айта кетсек дүйсенбіде Ресей армиясы Украина инфрақұрылымына тағы да зымырандармен соққы бергенде, Киевтің 80 пайызы сусыз, электр қуатынсыз қалды. Сондықтан жергілікті тұрғындар суды даладан тасыды.
Ресей бұл әрекетке Қырымдағы теңіз флотының кемелеріне дрондармен шабуыл жасалғаны үшін барғанын айтады. Алайда Украина басшылығының мәлімдеуінше, Ресей майдан даласында жеңіліп жатқандықтан азаматтық нысандарды қиратуға көшкен.
Арыстан Рысбек