Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл алу үшін жарты млн теңге берген. Кейін алаяққа алданып қалғанын білген Жамбыл облысының тұрғыны полицияға шағымданған.
Жәбірленушінің айтуынша, күдікті сеніміне кіріп, Ұлттық тестілеуден кейін де баласын жоғарғы оқу орнына түсіріп берем деп уәде еткен. Алайда 500 мың теңгені алып алған соң хабарсыз кетеді.
Тәртіп сақшылары жедел іздестіріп, Түркістан облысының 48 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін бірден мойындаған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Нұрдос Болатұлы