Солтүстік Қазақстанда 226 ауыл тіршілік нәрінен таршылық көріп отыр. Ауызсумен қамтылмаған елді мекендерде өңір халқының 26 пайызы тұрады. Тұрғындардың басым көпшілігі өз күштерімен құдық қазып алған.
Алайда оның сапасы талапқа сай келмейді. Таза суды көршілес елді-мекендерден тасып тұтынатын тұрғындар да бар. Мамандардың сөзінше мәселе 2026 жылға дейін шешілмек. Облыстық әкімдікте өткен жиында аудан басшыларына жобалық-сметалық құжаттарды жасауды жеделдету тапсырылды.
16 елді мекенде жаңадан сумен жабдықтау нысандарын салу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 7,5 миллиард теңгеге қаражат бөлмек.
Эльмира Каленова