Қаскелеңдегі жолдардың жағдайын Президент өз бақылауына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаскелеңдегі жолдардың жағдайын Президент өз бақылауына алды

02.11.2022

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы көшелердің сапасыз жолдарын реттеу мәселесін Президент өз бақылауына алды. Қаскелеңнің Қойтас деген ортақ атауы бар көшелеріндегі жолдың сапасы сын көтермейді.

Ондағы үйлердің аулаларына кіріп-шығу мүлдем қиын. Тұрғындар осы проблеманы көтерген. Бұл ретте Қарасай ауданы әкімі тұрғындармен кездесіп, мәселені жуық арада шешуге сөз берді.

Ол осы түйткіл Мемлекет басшысының тікелей назарында екенін жеткізді. Әкім асфальт салып, электр желісін жаңалауға, бағаналарды түзеуге уәде етті. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу