Тараздағы бес ескерткіш Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздағы бес ескерткіш Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді

06.01.2015
Тараздағы бес ескерткіш Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді

ЮНЕСКО-ның шешімімен ежелгі Тараздың өткенін бедерлейтін бес бірдей ескерткіш Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енігізілді.

Ендігі жерде Ақтөбе, Өрнек, Құлан және Қостөбе қалашықтары мен Ақыртас кешені шетелдік саяхатшыларды тартатын туристік орталықтарға  айналмақ. 

Бүгінде тарихи орындардың инфрақұрылымын дамытуға байланысты кешенді жұмыстар атқарылып жатыр.

Облыс аумағынан өтетін халықаралық көлік дәлізінің бойынан 8 қызмет көрсету орны жасақталуда. Сондай-ақ, ірі туристік объектілерге баратын жолдардың құрылысы басталғалы отыр.  

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу