Әлемдегі жалғыз музыка академигі Қазақстанда тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі жалғыз музыка академигі Қазақстанда тұрады

01.11.2022

Әлемдегі жалғыз музыка академигі атанған отандасымыз қазақтың классикалық музыкасын тағы бір тың туындымен толықтырды. Майталман музыкант Саида Калыкова Еркеғали Рахмадиевтің 70 жыл бұрын шығарған «Абай үні» атты музыкалық поэмасын жарыққа шығармақ. Бұл композиция бұған дейін ешбір жерде орындалмаған. «Еліміздің жүз жаңа есімі» тізіміне енген сазгердің дайындық сәтіне әріптесім Сәбит Әлдебай куә болып қайтты.

Әлемдегі жалғыс музыка академигі атанған Саида Халықованың өмір жолы көпке үлгі. Музыкалық мектепте оқып жүргенінде миында ісік бар деген диагноз қойылған. Күрделі операциядан кейін көру қабілетінен айырылып қалса да өмірлік мақсатынан айнымаған. Оның музыкаға деген шексіз махаббатын мектептегі ұстаздары байқап, сабақты үйіне келіп өткізіп жүрген.

Саида Калыкова, композитор, музыка ғылымының академигі:

Бір жылдың ішінде 29 туынды үйреніп шықтым. Сондықтан олар соған таң қалып, мені үшінші сыныпқа бірден алған. 4-сыныпта мен жеке концертімді бердім. Қазір мамандар айтады, ол кезде концерттік бағдарлама өте күрделі болған. Бір жағынан сенсация, кішкентай болып, 45 минуттық шығарманы орындап, шаршамай.

Музыкалық мектеп пен жоғарғы оқу орнын үздік аяқтаған талантты жан «Болашақ» бағдарламасымен Италиядағы музыкалық консерваторияға түскен. Оның ерекше қабілеті классикалық музыка өнерін жаңа деңгейге көтерген. Осылайша Орал қаласынан шыққан қаршадай қыз әлемде ешкімге берілмеген академик атағын алып шықты. Бүгінде Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық филармонияда еңбек етеді. Бұған дейін алыс-жақын шетелдерде жүзден астам концерт беріп үлгерген. Бүгінде аядай бөлмеде отырып жазған шығармалары шартарапқа тарауда.

Арайлым Рахым, Саида Калыкованың қөркемдік жетекшісі:

Өзінің деңгейін еңбекқорлығымен қанша уақыт дайындалатымен көрсетіп береді. Күнделікті спаиданың дайындалу уақыты 4-5 сағатты қамтиды. Бар өзінің болмысындағы музыканың барлығын, қандай дайындықпен келеді. Керемет өнерлілігі соншалықты. Ол қызымыз Италияда да оқып келді, бірнеше тілді біледі. Өзі де сабақ береді. Балаларға да керемет жағын айта кету керек. Қандай жағдай болса да өзінің өнерін халқына паш етуде.

Классикалық музыканы жаңа деңгейге көтерген композитордың жиырмадан астам авторлық шығармасы бар. Оның бірнеше шығармасы әлемнің мәдени мұралар тізіміне енген. Саида Калыкова архивте шаң басып қалған көптеген классикалық шығармаларды жарыққа шығарып, екінші мәрте өмір сыйлауда. Қазір, осы айдың соңында өтетін концертке ерекше номер дайындап жатыр. Ол сахнаға Еркеғали Рахмадиевтың ұмыт болған поэмасын өзіндік өрнегімен шығармақ.

Сәбит Әлдебай 

Хабарламаларға жазылу