Қарағандыда келісім комиссиясына кеншілер тарапынан бірнеше талап қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда келісім комиссиясына кеншілер тарапынан бірнеше талап қойылды

01.11.2022

Қарағандыдағы көмір шахталарында қондырғыларды түбегейлі жаңарту керек. Келісім комиссиясына кеншілер тарапынан қойылған 12 талаптың бірі осы. Комиссия өткен жылы қарашада Абай шахтасында болған апаттан соң құрылған.

Бүгінде 20 комбайн мен ұңғылау техникалары сатып алынды. Қарағанды маңындағы 8 көмір шахтасы мен 6 ашық өндіріс ошағында 13 жарым мыңдай адам еңбек етеді. Кеншілер ай сайын 100 адамды жұмысқа алуды да талап еткен.Алайда кәсіподақ өкілдері мәселе толық шешілмегенін айтады.

Өңірде қазір кеншілерге 5 пайызбен ипотекалық несие беру мәселесі жүзеге асып жатыр. Оған 1 миллиард 700 миллион теңге қаражат бөлінген және алпыс кенші баспанаға қол жеткізді.

Евгений Буслаев, «Қорғау» көміршілер кәсіподағы  бірлестігінің төрағасы:

Баспана бағдарламасына қатысқысы келетін кеншілердің саны анағұрлым көп. Мұндай әлеуметтік қолдауды жалғастыру жөнінде Мемлекет басшысы тапсырған болатын. Бағдарлама енді қолға алынған сәтте оған «АрселорМитталТеміртау» компаниясына қолдау көрсету жөнінде ұсыныс жасалды. Қазір де жиындарда жиі айтылып жүр. Әзірге компания тарапынан нақты қолдау көрсетілетіні жөнінде жауап болған жоқ.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу