Түркістанда жасырын цех табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда жасырын цех табылды

01.11.2022

Түркістанда жасырын цех табылды. Онда танымал маркадағы кір жуғыш заттар заңсыз өндірілген. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 4 күдіктіні қолға түсірді. Цех орналасқан тұрғын үйден 8 тоннадан астам контра-фактілік заттар тәркіленді. Жасырын цехты ұйымдастырушы Өзбекстан азаматы екені анықталды. Өзгелері жергілікті тұрғындар болып шықты. Үй ауласын тінту кезінде 200-дей қаптамаға оралған әрқайсы 40 келі тартатын ұнтақ зат табылған. Сондай-ақ электронды таразы, тығыздағыш құралдар мен өзге де айғақ заттар тәркіленді. Қазір материалдар облыстық экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Айнұр Ақбаева  

Хабарламаларға жазылу