Украина шетелге астық экспорттауды жалғастырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина шетелге астық экспорттауды жалғастырып жатыр

01.11.2022

Ресей қауіпсіздікке кепілдік беруден бас тартса да Украина шетелге астық экспорттауды жалғастырып жатыр. Бұл мәселеде Түркия мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Киевке әрі қарай да көмектесіп, әлемде аштыққа жол бермеуден үмітті.

Соңғы тәуліктің өзінде Украинаның Қара теңіз жағалауынан түрік порттарына жүздеген мың тонна жүк тиелген 12 су көлігі аттанған.

Айта кетсек шілденің соңына дейін Ресейдің блокадасына байланысты Украина шетелге 20 миллион тонна ауылшаруашылығы өнімін жібере алмады. Бірақ Ыстанбұл келісіміне сәйкес 1 тамызда теңіздегі дәліз қайта ашылды. Содан бері Украина Түркия арқылы әлем елдеріне 9 жарым миллион тоннадай бидай мен азық-түлік жөнелткен.

Дегенмен сенбі күні Ресейдің Севастопольдағы әскери флоты дрондар шабуылына ұшырады. Содан кейін Мәскеу Ыстанбұл келісімінен шығып, кемелердің жолы қайтадан қауіпті екенін ескертіп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу