Жетісу облысында 6 бірдей банкоматты тонаған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 6 бірдей банкоматты тонаған күдікті ұсталды

01.11.2022

Жетісу облысында банкоматтарды тонаған күдікті ұсталды. 33 жастағы тұрғын 6 бірдей банкоматты бұзып ішіндегі қаржыны қолды қылған. Үш дерек Сарқан қаласында, бір жағдай Ақсу ауданында және екі банкомат Талдықорған қаласында тоналған.

Соңғы рет күдікті шаһардағы сауда орталықтарының біріндегі құрылғыны бұзуға әрекет еткен. Сол кезде полицейлердің қолына түсті. Оны ұстауға жеке күзет қызметкері көмектескен.

Келтірілген шығын көлемі 8 млн теңгеге жуықтайды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу