Елордалық пара-каратэшілер әлем чемпионатынан алтын медальмен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық пара-каратэшілер әлем чемпионатынан алтын медальмен оралды

01.11.2022

Әлемдік додада топ жарған пара-спортшыларымызды кеше елорда әуежайында жанкүйерлер осылай қарсы алды. Пара-каратэден әлем біріншілігі 25-30 қазан аралығында Италияның Бергамо қаласында өтіп, оған 16 мемлекеттен спортшылар қатысты. Жаһандық жарыста ел намысын қорғаған астаналық Ләззат Жүсіпова мен Дидар Мұхамеджанов «ката» тәртібінде лайықты өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Екеуі де алтын медаль алды.

Дидар Мұхамеджанов, пара-каратэші:

Намысты қолдан бермей, қазақтың туын желбіретіп, қазақтың атын әлемге шығарып келіп отырмыз. Өзім соған өте қуаныштымын. Бұл әлі бастамасы. Қарсыластарым да осал емес. Бірақ соған қарамастан қазақтың намысын бермей, жеңіспен оралдық елге.

Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу