Иранда үкіметке қарсы шерулерге байланысты мыңға жуық адамға айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда үкіметке қарсы шерулерге байланысты мыңға жуық адамға айып тағылды

01.11.2022

Иранда үкіметке қарсы шерулерге байланысты мыңға жуық адамға айып тағылды. Мұны Тегеран прокуратурасы хабарлап отыр. Дегенмен қанша тұрғынның тұтқындалғаны жайлы ресми мәлімет жоқ. Ал кейбір белсенділердің дерегінше, бас-аяғы 14 мыңдай адам қамауға алынған.

Иранда наразылық акциялары 16 қыркүйекте 22 жастағы Махса Әмини хиджабты дұрыс тақпағаны үшін ұсталып, полиция бөлімшесінде қайтыс болғаннан кейін басталды.

Ата-анасының айтуынша денсаулығына шағымданбаған қызды тәртіп сақшылары соққыға жыққан. Алайда билік өкілдері мұны жоққа шығарып, Әминидің жүрек талмасынан өлгенін мәлімдеп келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу