Қостанайдан Ресейдің Челябі облысына бара жатқан автобус аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдан Ресейдің Челябі облысына бара жатқан автобус аударылды

31.10.2022

Ресейдің Челябі облысында болған жол апатынан 12 қазақстандық ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер тағы алты жолаушының жағдайы орташа ауыр дейді. Белгілі болғандай, Қостанайдан Екатеринбург қаласына шыққан жұмысшылар автобусы Кіші Құяш ауылының маңында аударылып қалған.

Жолаушылар көлігінде 24 адам болған. Оның жартысы жеңіл жарақатпен үйлеріне қайтарылған. Оқиға орнына 8 жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шеккендерді Челябы облысының Қыштыма елді мекеніндегі ауруханаға жеткізген. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. 

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу