Әлихан Смайылов Германия сыртқы істер министрімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Германия сыртқы істер министрімен кездесті

31.10.2022

Қазақстан экономикасына тартылған неміс инвестициясының көлемі 25%-ға артып, 320 млн доллардан асты. Инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және өзара сауда көлемін ұлғайту бойынша айтарлықтай әлеуетіміз бар. Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізге жұмыс сапарымен келген Германияның сыртқы істер министрімен кездесуінде осылай деді.

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы да 6%-ға өсіп, 2,2 миллиард долларға жетті. Тараптар өзара тауар айналымын одан әрі кеңейтуді көздеп отыр. Одан бөлек жаңартылатын энергия көздері мен логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық әріптестікті ілгерілету мәселелерін талқылады.

Анналена Бербок экономикалық қатынастарды тең дәрежеде дамыту, кадрларды кәсіби даярлау бойынша өзара байланысты тереңдетуге шақырды. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу