Алматы облысы Қарғалы ауылында уәде етілген жол әлі салынбай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы Қарғалы ауылында уәде етілген жол әлі салынбай жатыр

31.10.2022

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында уәде етілген жол әлі салынбай жатыр. Жергілікті билік қазанның соңына дейін жаңадан асфальт төсеп береміз деп уәде еткен. Алайда ауыл халқы жол азабын сол күйі тартып келеді. Мегаполистен 50 шақырым жерде орналасқан елдімекенде 38 мыңнан астам адам тұрады. Бірақ ауылдың 50 пайызында жол жоқ. Тұрғындардың сөзінше, айнала жазда шаңға, ал көктем, күзде ми батпаққа айналып, жаяу жүруге мүмкін болмай қалады.

Татьяна Байменова, ауыл тұрғыны:

Қазір, міне, күз басталды. Балшық басталды. Жаңбыр жауып жатыр. Шыланамыз да, осымен жүре береміз. Айтты ғой, қазанның аяғына дейін жасап береміз деп. Әлі бір адам өткен жоқ көшеден.

Жергілікті әкімдік мердігер компаниямен келісіп, елдімекенге 31 қазанға дейін асфальт төсеп беруі керек болған. Бірақ аталмыш жоспар тағы кейінге шегеріліп отыр.

Бекманмаханов, Қарғалы ауылы әкімінің орынбасары:

Мердігер компанияның келісімшартты орындамауына байланысты, тапсырыс беруші талап-арызбен сотқа жүгініп, алдағы уақытта жұмыстар сот арқылы шешілетін болады. Сот процесі басталғаннан кейін ол қанша уақытқа созылатыны белгісіз ғой. Сол себепті болжам бойынша 2023 жылға қалуы мүмкін.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу