Ақтөбеде ломбард қызметкері 18 миллион теңгені жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ломбард қызметкері 18 миллион теңгені жымқырған

31.10.2022

Ақтөбеде ломбард қызметкері 18 миллион теңгені жымқырған. Ол клиенттерінің жеке мәліметтерін пайдалану арқылы жалған несие рәсімдеп отырған.

Яғни, қымбат бағалы заттарды кепілге қойылды деп құжат рәсімдеп, орнына арзан әшекейлер мен басқа да ұсақ-түйек бұйымдарды салып қойған. Тіпті, тұрғындар атынан қол қойып келген. Ол өзінің теріс әрекетін 4 ай бойы жүзеге асырып, кассадан 18 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны ревизия кезінде анықталған. Ақтөбе қаласының соты алаяқтық жасаған әйелге 8 жыл жаза кесті. Дегенмен, оның кішкентай балалары болғандықтан, жазасын 3 жылдан кейін өтей бастайды.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу