Астана мен Алматыда мефедрон таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана мен Алматыда мефедрон таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

31.10.2022

Астана мен Алматыда ұзақ уақыт бойы мефедрон дайындаумен және таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тексеру кезінде психотроптық заттар автомобильдердің қосалқы бөлшектеріне жасырып тасымалданғаны анықталды. Сондай-ақ, ұсталғандардың жасырын зертханасында есірткі дайындауға арналған жабдықтар, 500 литр химиялық концентрат пен бір келіге дейін дайын өнім табылды. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, уақытша қамауға алынды. Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу