ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдаулары сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинауды жалғастыруда.
8 күн ішінде сайлаушылардан 3460 ұсыныс пен тілек келіп түсті. Жалпы, ел аумағындағы 227 қабылдау бөлмесінде сайлаушылармен кездесулер өтіп жатыр. Атап айтқанда, осы уақыт аралығында 689 кездесу ұйымдастырылып, 2 мыңнан аса адам қабылданды.
Әлия Садырбаева, Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы:
Азаматтар кандидаттан не қалайтынын, не күтетінін айтып, өз ұсыныстарымен келіп жатыр. Жаңа Қазақстанды құру ісіне қатысты көп адамның өзіндік ұсыныстары, Президенттікке кандидаттан не күтетіндері туралы пайым-пікірлері бар. Сондай-ақ, сайлауға қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес алуға болатын Call-орталық жұмыс істейді.