«Онкологияға инновациялық технологияларды енгізудің тәжірибесі мен болашағы». Елордада осындай атаумен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
Онкология орталығының 70 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға Батыс және Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Франция, Жапония, Үндістан, Ресей, Якутия, Тәжікстаннан ғалымдар шақырылған. Олар қазақстандық әріптестерімен бірлесіп колоректальды қатерлі ісікке лапароскопиялық хирургия, кеуде хирургиясы , простата обырына сәулелік терапия әдісімен операция жасасты.
Бақтыбай Оразбеков, көпсалалы медицина орталығы директорының орынбасары:
Бірнеше операция жасадық. Өзімізге керекті операциядан әдістерді алдық, үйрендік деп ойламын. Өйткені операция жасайтын адамға оны толық үйренудің керегі жоқ. Ол жасаған операцияны біз де жасаймыз. Бір ерекшеліктері болады. Соны көріп алу керек.