Елде субсидия беру тәртібін қайта қарау ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде субсидия беру тәртібін қайта қарау ұсынылды

28.10.2022

Салық төлемейтін кәсіпкерлерге субсидия берілмеу керек. Осындай ұсыныс айтқан сарапшылар жақында өңірлерді аралап, кәсіпкерлермен кездескен. Олардың айтуына қарай, елде 1 млннан аса бизнес иесі ғана субсидия алады екен. Алайда арасында мемлекетке салық төлемей, жалтарып жүргендері бар дейді Talap зерттеу орталығының сарапшылары. Тіпті 1,5-4 млрд теңге субсидия алағанымен, бюджетке небары 4 мың теңге төлем жасайтындар да анықталғанын жеткізді. Олар енді шағын және микробизнес үшін мемлекеттен қаржылай тұрғыда қолдау алу ісін қолжетімді етуді ұсынып отыр.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу