Түркия Украинада "байрактар" дрондарын жасайтын зауыт құрылысын екі жылдан кейін аяқтайды. Бұл туралы түріктің «Байрак» компаниясының өкілдері мәлімдеді.
Бұл пилотсыз аппараттар қарулы қақтығыстың алғашқы апталарында Украинаны Ресейдің бронетехникасы мен зениттік жүйесінен қорғауда үлкен рөл атқарған. Ал дрон жасайтын зауыт салу туралы келісімді Анкара мен Киев Украинада ұрыс басталмас бұрын жасады.
«Рейтер»-дің дерегіне сай, Түркия бүгінде байрактар дронын әлемнің 24 еліне экспорттайды.
Арай Төлеген