Ақтауда 200-ден астам адам сапасыз баспанаға қаржы салған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 200-ден астам адам сапасыз баспанаға қаржы салған

28.10.2022

Ақтауда 200-ден астам тұрғын жарнамаға сеніп, сапасыз үйге ұрынды. Баспанаға қыруар қаржы төлеген олар, үйді қайта жөндеуді талап етті. 9 қабатты «Айсар» тұрғын-үй кешені биыл көктемде қолданысқа берілуі тиіс болған. Алайда, құрылыс жұмыстары уақытынан кешігіп, әлі күнге дейін жүргізілуде. Бірақ, соған қарамастан пәтер жалдауға шамалары келмеген тұрғындар қоныстанып алды. Олардың айтуынша, үй сапасыз салынған. Есік-терезесі аңғал-саңғал. Оның үстіне жылу әлі берілмепті. Тұрғындар пәтерлерін электр пешпен жылытып отыр.

Асыл Түгелбайқызы, Ақтау қаласының тұрғыны:

Подъезге шейін бәрі Премиум-класс деді. Үйге кірсек ішкі қабырға тастарымыздың ортасында ешқандай балшық, арматура тоқымаған. Осылай қозғалып жатыр, оны өзіміз құлатып, қайта қалаттық. Ішке кіріп, сыртты қарасаңыз тесік көрінеді.

Асхат Төлегенов, мердігер мекеменің өкілі:

Маэк жылуға да, мына қалағада әлі жетпейді. Ал былай үйге келетін болсақ менің, маған қазір рұқсат берілсе менің үйім жылу қосуға дайын. Егер кемшілік кетсе біз одан қашпаймыз, істеп береміз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу