Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алды. Осыған байланысты әлеуметтік медиа компанияның бұрынғы басшысы Параг Агравал мен қаржы директоры Нед Сегал Twitter-дің Нью-Йорктегі кеңсесінен кетті.
«Вашингтон пост» газетінің хабарлауынша, Маск әйгілі компанияны өз иелігіне алғаннан кейін оның қызметкерлерінің 75 пайызын қысқартуды жоспарлап отыр. Twitter компаниясында 7 жарым мыңдай адам жұмыс істейді. Енді солардың саны 2 мыңға дейін азаюы мүмкін.
Арыстан Рысбек