Лондондағы қазақ жастары Республика күнін қаланың орталық алаңында атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондондағы қазақ жастары Республика күнін қаланың орталық алаңында атап өтті

27.10.2022

Лондондағы қазақ жастары Республика күнін қаланың орталық алаңында атап өтті. Көпшіліктің алдында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали өнер көрсетті. Бұл күні әлемге әйгілі Трафальгар алаңында «Қазағым-ай», «Ауылым» әндері Тұманды Альбионның көгінде әуеледі. Лондонның көрнекі орындарын аралап жүрген саяхатшылар қазақ дәстүріне , ұлттық құндылықтарды дәріптеген жастардың белсенділігіне куә болды.

Ерлан Рысқали, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Осындай үлкен ұлық мерекеде міндетті түрде мән-мағынасы бар, ел туралы, жер туралы әндер орындалу керек деп есептеймін. Біз осы өнеріміз, дәстүріміз ел-елде, жер-жерде, әлемнің түкпір-түкпірінде насихаттала берсін, тарала берсін дегім келеді.

Аманда Бойл:

Мен Америкадан Ұлыбританияға қыдырып келдім. Қазақстанда Республика күні тойланып жатқанын екенін естіп, қуанудамын. Біз сіздерге бақыт пен байлық, денсаулық пен махаббат тілейміз. Республика күні құтты болсын.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу