Қаңтар оқиғасы кезінде абайсызда адам өлтіргендер рақымшылыққа ілігеді. Бүгін Сенатта тиісті заң қабылданды. Жалпы, 1500-ге жуық адамға мемлекет кешірім беріп отыр. Олардың қатарында заңсыз үгіт-насихатқа ергендер, ұрлап, тонағандар және өрт қойғандар бар. Ал террористер мен экстремистер, азаптағандар мен тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар және мемлекетке опасыздық жасағандарға рақымшылық жоқ. Олар заң аясында тиісті жазаларын алады.
Қазір 46 адам терроризм бабы бойынша тергеліп жатыр. Олардың қатарында Қазақстан азаматтарынан бөлек, шетелдіктер де бар. Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға жаза мерзімі азайтылады. Еске салайық, бұл жолғы рақымшылық тек 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға ғана қолданылады. Заң бұзған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біреуіне ғана рақымшылық жасалуы мүмкін. Оған қылмысты жасыру айыбы тағылып отыр. Ал қалған 48 полицейге рақымшылық болмайды. Сондай-ақ, Қайрат Құдайберген және «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев қылмыстық жауапкершіліктен босамайды.
Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
20 шақты адам жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырушылар болып, олардың қылмыстары сараланған. Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырушылар рақымшылыққа жатпайды. Тек қана қатысушылар ғана жатады. Ұйымдастырушылар - 20 адам. Олар рақымшылыққа жатпайды.
Әсима Нұрбайқызы