Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді. Елордалық әуежайда мәртебелі мейманды еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Сапар аясында Еуропалық Кеңес Президентінің Орталық Азия мемлекеттері басшыларымен кездесуі, сондай-ақ бірқатар екіжақты келіссөз жоспарланған.