Қор биржасында теңге қайта нығайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қор биржасында теңге қайта нығайып келеді

26.10.2022

Қор биржасында теңге қайта нығайып келеді. 1 АҚШ доллары бүгін 1 теңге 76 тиынға әлсіреп, 470 теңгеге теңесті. Ал еуро бағамы 7 теңгеге көтеріліп, 464 теңге болса, рубль 7 теңге 63 тиын. Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының болжамына қарай, теңге алдағы уақытта тағы нығаюы мүмкін. Алайда Brent сұрыпты мұнай арзандап, 94 долларға сатылса, келер жылы доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 472 теңгеге өсуі мүмкін дейді сарапшылар. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу