Президент Мәулен Әшімбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Мәулен Әшімбаевты қабылдады

26.10.2022

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Кездесуде жоғары палатаның реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы айтылды. Қазіргі уақытта сенаторлар қаңтар оқиғасына қатысты рақымшылық жасау және үш жылға арналған республикалық бюджет жобасын қарап жатыр. Кездесу барысында Президент «Әлемдік және дәстүрлі діндер» көшбасшылары съезін дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу