Президенттің атына құттықтау хаттар келіп түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің атына құттықтау хаттар келіп түсті

26.10.2022

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хат келіп жатыр. Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байден «Біздің қауіпсіздік, энергетика және экономика мәселелері жөніндегі екіжақты ауқымды ынтымақтастығымыз, сондай-ақ, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды табанды түрде қолдайтынымыз қарым-қатынасымыздың болашағына инвестиция салуға деген өзара ұмтылысты және оның ортақ мақсатқа жетудегі әлеуетін көрсетеді. Бұл ұстаным біздің кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізге толық сай келеді»,-деді.

Ал, Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель Декларация 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға жол ашты. Бұл декларация бүгінде барлық бейбітсүйгіш ел қорғайтын халықаралық тәртіптің құндылығы мен қағидатының ережесіне негізделгенін айтып өтті.

Сондай-ақ, құттықтау хатын Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және өзге де мемлекеттердің президенттері жолдады. Беларусь Президенті Александр Лукашенко Егемендік туралы декларацияны Қазақстан үшін маңызды оқиға әрі тәуелсіздік алу жолындағы алғашқы қадам деп атады.

Бауыржан Бөгенбай


Хабарламаларға жазылу