Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 6 700 гектар жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 6 700 гектар жер мемлекетке қайтарылды

26.10.2022

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында мақсатты пайдаланылмаған 6 700 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл туралы прокурорлар мәлімдеді. Арнайы талдау барысында бірқатар кемшіліктер анықталған. Кейбір шаруа қожалықтары жер телімін мақсатты пайдаланбаған, ал енді бірінде мал басы мен жайылым аумағы сәйкес келмейді. Нәтижесінде жер заңнамасының бұзылуына жол берген 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.

Нұрлыбек Жолаев, Ойыл ауданының прокуроры:

Жалпы 40 мың гектардан астам 12 ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мақсатты пайдаланылмайтыны анықталған болатын. Аудан прокуратурасымен қадағалау актісі негізінде кадастрлық құны 29 млн теңгені құрайтын 6 700 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылып, қалған жер учаскелер бойцынша тиісті нұсқамалар берілді.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу