Алматыда тарихи деректерге негізделген «Қорқыт ата» телехикаясының түсірілімі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тарихи деректерге негізделген «Қорқыт ата» телехикаясының түсірілімі басталды

26.10.2022

Бір жыл бойы зерттеліп, тарихи деректерге негізделген «Қорқыт ата» телехикаясының түсірілімі басталды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстанның «Кинематография агенттігі» бірелсе қолға алған жобаның түсірілімі Алматы облысындағы Қарой ауылының маңында жүріп жатыр.

Телехикаяның сценарийі өткен жылы жазылған. 4 бөлімнен тұратын туындыны жарыққа шығару үшін 150 адамнан тұратын шығармашылық топ еңбек етеді. Түсірілім барысымен танысуға Ақпарат және қоғамдық даму министрі – Дархан Қыдырәлі мен телерадиокорпорация басқарма төрайымы Ләззат Танысбай Алматы облысына арнайы барды. Министрдің айтуынша, жоба тек қазақ халқы үшін ғана емес, күллі түркі әлемі үшін маңызды.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Бүкіл Еуразия кеңістігіне тараған көшпенділердің түпкі қазығы осы дала екенін көрсетеді. Сол арқылы біздің тарихымызбен бірге мәдениетімізді танытуыға, өз тұлғаларымызды дәріптеуге үлкен үлес қосады деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу