Ғарыш саласында Қазақстандық инженерлердің жеткен жетістіктері де аз емес. Әзірге геостанционарлы ірі аппараттарды жасай алмасақта сюжетте айтылған ғылыми бағытта жұмыс істеп жатқан жер серіктері отандық өнім. «GALAM» компаниясының мамандары құрастырып, ұшырған. Әуелде тәжірибелік мақсатта басталған жоба бірнеше жыл бойы тұрақты қызмет көрсетіп жатыр. Жобалау, құрастыру, тіпті, сынау алаңдары да Астанада орналасқан.
Берік Жұмажанов, «GALAM» компаниясының жетекші инженер-құрастырушысы:
Бұл ұшып жүрген спутниктің моделі. Мұнда Қазақстанның инженерлері бүкіл жұмыстарына, бас-аяғына дейін қатысты. Кейбір мудульдарды толығымен қазақстандық инженерлер жасаған. Жаңа тапсырыстар болса жаңа ғарыш аппараттарын жасауға дайынбыз.
Қымбат құрылғылары қаңтарылып тұрмас үшін қазір олар шетелдік компаниялардың тапсырыстарын орындауға кіріскен. Әсіресе Англия, Франция елдерімен тығыз байланыс орнатқан. Солардың құрастырып жатқан аппараттарына қажетті қосалқы бөлшектерді дайындап берумен айналысып жатыр. Ал, кей мамандар ғарыш аппараттарын толық Қазақстанда жинау тиімсіз деп есептейді. Тек технология қазақстандық болса қосалқы бөлшектерін шетелден алдырған тиімді болады дейді.
Кемел Наушек, Электроника инженері:
Қарапайым мысалды айтсақ «Apple»-ді айтсақ олардың бүкіл технологиялары Америкада негізгі схемасы, сұлбасы, бағдарламасы жасалады да оны жасау мысалы қытайда жасалады. Біз де сол сияқты интелектуалдық ғарыш саласын өзімізге ала беруге болады деп есептеймін.
Оңғар Алпысбайұлы