Украинада 200-ге жуық Қазақстан азаматы қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада 200-ге жуық Қазақстан азаматы қалған

23.10.2022

Украинада 200-ге жуық Қазақстан азаматы қалған екен. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді осылай деп мәлімдеді. «Қазіргі жағдайда ақпарат жинау өте қиын. Әскери қақтығыс жүріп жатқанын және адамдардың біразы Украинадан өз бетінше кетіп жатқанын ескерсек, тиісті есептеулерді жүргізу қиынға түсіп отыр. Дегенмен, Қазақстан азаматтарынан өтініштер келіп жатыр. Консулдың пайымынша, Украина аумағында 200-ге жуық азамат болуы мүмкін», - деді ол. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын эвакуациялау үшін Польша мен Молдова шекаралары ашық екенін және елшілік көмек көрсететінін мәлімдеді. Қазір Киевте Қазақстан елшілігі жұмыс істеп тұр. СІМ оларды көшіру, не жабу әзірге қарастырылмағанын айтты. 

Хабарламаларға жазылу