Нұрлан Әуесбаев Шахтинск қаласы тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Әуесбаев Шахтинск қаласы тұрғындарымен кездесті

22.10.2022

Президенттікке үміткер тағы бір кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Алдымен Қарағанды облысы Шахтинск қаласының орталықтандырылған кітапханасының ұжымымен кездесті.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінен президенттікке ұсынылған кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихаттың алғашқы күнін Шахтинск қаласынан бастады. Еңбек адамдарымен жүздесіп, сайлауалды тұғырнамасының басым бағыттарына тоқталды.

Талғат Омаров, президенттікке кандидаттың сенімді өкілі:
Бұл жерде көп қызық сұрақтар қойылды. Не десеңіз, шахтерлердің жұбайлары, әпкелері, аналары қатысты.  Өздерінің мазалап жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

Жиын аяқталған соң Нұрлан Әуесбаев қаладағы «Кеншілер еңбегіне мәңгілік даңқ» ескерткішіне тағзым етіп, гүл қойды. Кандидаттың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге еліміздің барлық облысы мен қаласындағы филиалдары атсалыспақ. Ал ертең Қарағанды қаласының жұртшылығымен кездесу жоспарланған.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу