Алматы облысында Мемлекеттік Ту 3 мың метр биіктікке көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Мемлекеттік Ту 3 мың метр биіктікке көтерілді

22.10.2022

Көк байрағымыз - көкте! Қазақстанның ең үлкен туы - Алматы аспанында желбіреді.

Биікте қалықтаған көк тудың көлемі футбол алаңындай, яғни, ауданы 800 шаршы метр. Оны көкте желбіреткен парашютистер 3 мың метр биіктікке көтерді. Байрақ- ұлттық мерекеге арнайы тігілген. Алып туды көкке алып ұшу айтулы оқиға ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Бұл бастама елдің бірлігі мен тұтастығын, бейбіт аспан астындағы тыныш өмір идеясын білдіреді,-дейді бастамашыл топтың мүшесі, 31 арнаның бас директоры Құрманбек Жұмағали. Айта кетейік, «Ашық аспан» акциясы Іле Алатауының баурайында Республика күніне орай өткізілді.

Қуандық Құдайбергенов, Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілі:

Біз бұл жерде желді байқамаймыз. Бірақ та, 100 метрден жоғары асқаннан кейін аспанда неше түрлі құбылыстар болады, соған байланысты қауіпті. Мұндай рекордтар негізі болған, бірақ, Қазақстанда бірінші рет.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу