Англия тұрғындары азық-түлікке жұмсайтын ақшаны үнемдеуге мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Англия тұрғындары азық-түлікке жұмсайтын ақшаны үнемдеуге мәжбүр

21.10.2022

Ұлыбритания халқының 85 пайызы азық-түлікке жұмсайтын шығындарын қысқартуға мәжбүр. Себебі қымбатшылық белең алған. Бұл мәлімет елдің Тұтынушыларды қорғау одағы жүргізген сауалнамаға сай жария етілді.

Сұраққа жауап бергендердің көбі арзан азық-түлік сатып алуға мәжбүр екенін айтады. Табиғи газ бағасының өсуі, жұмыс күшінің жетіспеуі, логистикалық мәселелердің туындауынан британиялықтардың экономикалық және әлеуметтік өмірі қиындап кетті. Елдің Ұлттық статистикалық кеңсесінің мәліметінше, биыл азық-түлік 14,6 пайызға қымбаттаған.

Хабарламаларға жазылу