Қостанай облысында соңғы сегіз айда нәресте өлімі көбейген. Мұндай жағдай мерзімі жетпей дүниеге келген шақалақтар арасында жиілеген.
Қостанай балалар өлімі бойынша Шымкенттен кейін екінші орында тұр, деді өңірге келген Денсаулық сақтау министрі. Жағдайды реттеу үшін ұрықты диагностикалау, жаңа туған нәрестелерге шұғыл көмек көрсету сапасын арттыру қажеттігін айтты. Тыныс алу аппараттары да жетіспейді. Облыстық балалар ауруханасының күрделі жөндеуі де мердігер мен тапсырыс берушінің соттасуының кесірінен 2 жарым жылға созылып кетті. Соның салдарынан науқас балаларға жағдай жасалмаған.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Сот жүріп жатқанда ешкім оған араласа алмайтынын білесіздер. Соттың шешімін күтеміз, әкімдікпен кеше әңгіме болды. Олар жуық арада тез қарастырып, мәселені шешеміз деп отыр.