Республика күніне орай Жетісу облысы Ақсу ауданында жаңа спорт кешені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика күніне орай Жетісу облысы Ақсу ауданында жаңа спорт кешені ашылды

21.10.2022

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

Республика күні қарсаңында Ақсу ауданы Ақсу ауылында заманауи спорт кешені ашылып жатыр. Бұл жерде ауыл тұрғындары мен жастары спорттың бірнеше түрінен шынығып, жаттығатын болады. Атап айтқанда волейбол, баскетбол, бокс және күрес залдары бар. Кешен барлық қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Айта кету керек ғимарат жеке кәсіпкердің қаржысына салынды. Жоба құны 350 млн теңгеден астам. 

Жаркент Барманбеков, ауыл тұрғыны:

Міндетті түрде көбейеді. Осы спорт кешенінің ашылуына қатысып, өзім риза болып тұрмын. Менің жасым 85-те. Егер де осындай кешендер салына беріп, жас буындар шұғылданса, Қазақстанның жас жігіттері, қыздары көк туымызды желбіретіп, дүние жүзіне атағы шығатын спортсмендер болады.

Жалпы Жетісу облысында дәл осындай тағы бес спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта пайдалануға беріледі. Ал Жетісу өңірі тұрғындарының спорт нысандарымен қамтылуы деңгейі 38 пайыз. Айта кету керек, кәсіпкер ғимаратты Жетісу облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына тапсырып берді.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу