Қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыру үшін қоғам болып жұмылу керек. Петропавлда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форумға жиналғандар осындай ұсыныс айтты.
Эльмира Кәленова, тілші:
Мұндай форум Қызылжарда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Басқосуда мемлекеттік тіл төңірегіндегі мәселелер мен оны дамыту тетіктері қарастырылуда. Форумға қатысушылар Ел тұтастығы идеясын ұсынды. Яғни мемлекеттік тіл ұлтаралық тілге айналу үшін қоғамның барлық мүшелері бірігуі тиіс. Қазір, мемлекеттік тілді білім беретін мектептер саны жыл сайын көбейюде. Өңірлерде тегін тіл курстарына сұраныс артқан. Сонымен қатар жиында қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері өз тәжірибесімен бөлісті. Республика күніне орай түрлі іс - шаралар еліміздің әр өңірінде өтіп жатыр.
Эльмира Кәленова