Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиында комиссия жұмысының нәтижесінде дайындалған заңнама бағытындағы негізгі ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстар қаралды. Ғалым-сарапшылар іздестіру экспедициясы мен зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ жиында мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру және заңнамаға ұсыныстар әзірлеу барысы талқыланды.
Шерхан Жамбылұлы